Lexus көлігін сатып алу және иелену: басты жеңілдіктер

Customer Promise

Көлікке иелік етудің керемет тәжірибесін ұсыну миссиясын жалғастыру үшін Lexus Қазақстан барлық ресми дилерлік және сервис орталықтарында қызмет көрсетуге өзгерістер енгізді. Аталмыш өзгерістер брендтің инновацияларға және клиенттерді қанағаттандыруға үздіксіз ұмтылысын көрсетеді.

Өзгерістер Lexus брендімен өзара әрекеттестіктің барлық кезеңдерінде клиент тәжірибесін дамытуға және үздіксіз жетілдіруге бағытталған. Көлік сатып алу және иелену енді келесі негізгі артықшылықтарды қамтиды:

  • Customer Promise
    Сіздің Lexus. Сіздің таңдауыңыз:  Бренд клиенттері таңдау жасауда әрқашан толық еркіндікке ие. Ресми дилерлік орталықтардан Lexus көлігін аларда өндіруші зауыттан көлікті стандартты жинақтамада ресми Lexus дилері белгілеген, бірақ ресми www.lexuskz.com веб-сайтында көрсетілген ең жоғары қайта сату бағасынан аспайтын бағамен сатып ала аласыз немесе тапсырыс бере аласыз немесе бірегей қажеттіліктеріңізге қалауларыңызға сай түпнұсқа Lexus аксессуарларының көмегімен таңдалған көлік құралын дараландыра аласыз. Көлікті даралау мүмкіндігі https://shop.lexuskz.com/new қолжетімді. 
  • Customer Promise
    Бензин толы бак: Клиенттерге қамқорлық жасау алғашқы шақырымдардан-ақ басталады. Ресми Lexus дилерлерінен жаңа көлік сатып алған кезде клиенттер жақын маңайдағы жанармай бекеттерінде толық бак жанармай құюға ваучер алады. Соның арқасында жаңа Lexus көлігінде саяхаттың басынан бастап сенімділік пен жайлылық қамтамасыз етіледі.
  • Customer Promise
    Таза көлік: Ресми дилерлік және сервис орталықтарында техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатқан Lexus көліктерінің иелеріне әрбір Техникалық қызмет көрсетуден кейін тегін көлік жуу қызметі көрсетіледі. Дилерлер көліктердің салоннан жаңа шыққан күнгідей тазалығын сақтауға тырысады, осы болмашы, бірақ өте маңызды іс Lexus және оның иесіне қамқорлық көрінісі екенін жақсы түсінеді.
  • Customer Promise
    10 жылға дейін қосымша Lexus Relax кепілдігі: Техникалық қызмет көрсету кезінде Lexus клиенттерінің көлігіне берілетін кепілдікті келесі техникалық қызмет көрсетуге дейін немесе 10 000 шақырымға дейін ұзартудың бірегей мүмкіндігі беріледі, осылайша техникалық қызмет көрсетуге келген сайын қосымша кепілдік 10 жылға немесе 190 000 шақырымға ұзартылады. Бұл қосымша кепілдік өндіруші зауыт 3 жылға немесе 100 мың шақырымға берген ресми кепілдіктен асып кеткен көлік құралдары үшін ерекше құнды. *Lexus Relax сілтемеде келтірілген шарттармен ұсынылады.
  • Customer Promise
    Клиенттерге үздіксіз қолдау көрсету: Клиенттер дилерлік орталықтағы QR кодты сканерлеу арқылы Lexus Қазақстан өкіліне әрдайым оңай хабарласа алады.
Бұл өзгерістер брендтің клиенттерге деген адалдығындағы және Қазақстан мен Қырғызстанда көліктерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын белгілеудегі маңызды қадам болып табылады. Lexus Қазақстан Lexus брендімен өзара әрекеттестіктің және Lexus көлігіне иелік етудің әрбір кезеңінде клиенттерге барынша жайлылық пен сенімділікті қамтамасыз ету үшін инновациялар мен сапаға инвестиция салуды жалғастырады.

*Мәлімет тек ақпараттық-сипатқа ие, жария оферта немесе коммерциялық ұсыныс болып табылмайды. Шарттар қосымша анықтамалық бөлімдерде келтірілген. Егжей-тегжейлі ақпаратты ресми Lexus дилерлік және сервис орталықтарынан нақтылаңыз.

Қосымша анықтамалық мәлiметтер:

**1. Сіздің Lexus. Сіздің таңдауыңыз.

Lexus көлігін ресми дилерлік орталықтан сатып алған кезде таңдау еркіндігі өзіңізде болады:

• көлікті өндіруші зауыттан стандартты жинақтамада сіз көлік сатып алатын ресми Lexus дилері белгілеген (бірақ ресми Lexuskz.com сайтында көрсетілген ең жоғары қайта сатып алу бағасынан аспайтын) бағамен сатып ала аласыз немесе тапсырыс бере аласыз немесе

• таңдалған көлікті бірегей қажеттіліктеріңізге қарай Lexus аксессуарларының көмегімен даралай аласыз. Өз талаптарыңызға және қалауларыңызға барынша сай келетін лайықты модель мен жинақтаманы келесі сілтеме арқылы https://shop.lexuskz.com/new таңдай аласыз.

***2. Бензин толы бак

Ресми Lexus дилерінен жаңа көлік сатып алған кезде Сіз басынан бастап алыс сапарларға дайын көлікке ие боласыз, себебі, оған жанармай құйылып қойған, сондай-ақ ресми Lexus дилерлері  өз клиенттеріне жақын маңайдағы жанармай бекеттерінде жанармай құюға ваучерлер береді. Жеңіл көліктерге 50 литрге дейін, ал жол талғамайтын көліктерге 100 литрге дейін жанармай құю мүмкіндігі бар ваучерлер беріледі. Демек, жаңа көлікте жайлы әрі ыңғайлы алғашқы сапардан ләззат алып қана қоймай, алыс сапарлар үшін жанармай қоры жеткілікті екеніне сенімді бола алады. Жаңа көлікті тізгіндеу Сіз көптен күткен рахатқа айналады. Бұл шарттар тек жеке тұлғаларға ғана қатысты қолданылады.

****3. Таза көлік  

Қызмет ресми Lexus дилерінде техникалық қызмет көрсетуден өткен кезде Lexus көліктерінің иелеріне көрсетіледі.

Ресми дилерде қызмет көрсету тартымды және тиімді болуы үшін Lexus көліктерінің иелеріне әрбір Техникалық қызмет көрсетуден кейін тегін көлік жуу қызметі ұсынылады. Техникалық қызмет көрсетуден кейін көлікті тегін жуу шанақ жууды, кілемшелерді жууды/тазалауды және салонды тазалауды қамтиды.

*****4. Lexus Relax

Lexus барлық жаңа және қолданыста болған көліктерге арналған Lexus Relax кепілдігін іске қосты. Енді Lexus иелерінің 10 жылға немесе 190 000 шақырымға дейін Lexus Relax кепілдігін алудың бірегей мүмкіндігі болады. Регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өткеннен кейін сіз автоматты түрде Lexus Relax кепілдігін  аласыз, ол сізді күтпеген жөндеу жұмыстарынан қорғайды, сондай-ақ алдағы 12 айға немесе 10 мың шақырымға жан тыныштығын және сенімділік сыйлайды.

*Lexus Relax кепілдігі Lexuskz.com сілтемесінде көрсетілген шарттармен ұсынылады.

04.05.2010 ж. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 274-IV Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес сатушының қосымша міндеттемесі болып табылады.  Осы құжаттың барлық шарттары, сондай-ақ осы мәтіндегі «кепілдік» және «Lexus Relax» деген сөздер аталған заңға сәйкес сатушының қосымша міндеттемесі ретінде түсіндірілуі және түсінілуі тиіс.

******5. Тұтынушыға қолдау көрсету

Біз клиенттерімізге QR кодты сканерлеу және клиенттер қызметіне хабарлама жазу арқылы бізбен хабарласуға мүмкіндік бергіміз келеді. Онлайн қолдау көрсету дистрибьютор мен клиенттер арасында жедел байланыс орнауына септеседі және клиент дауысын жинауға ықпал етеді.