Lexus Kazakhstan Astana Open-2023 халықаралық теннис турнирінде LM премиум минивэнін ұсынды
2023 жылдың 3 қазанында Астанада Lexus Kazakhstan ресми автосеріктесі болған ATP 250 - Astana Open әлемдік сериясындағы теннистен ерлер арасындағы турнир аяқталды. Astana Open Қазақстан елордасында осымен үшінші рет өткізіліп жатыр – бұған дейін осы санаттағы турнир Астанада 2020 және 2021 жылдары өтті. Биыл Astana Open жүлдесін француз Адриан Маннарино жеңіп алды – финалда турнир фавориттерінің бірі америкалық Себастьян Корданы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Ынтымақтастық туралы меморандумға теннис әлем3ндегі ең беделді шара Қазақстанда өтер алдында бірнеше апта бұрын қол қойылып, Lexus-ты Astana Open матчтары кезінде бренд пен үлкен теннис жанкүйерлері үшін бірегей көрмелер мен іс-шаралар өткізуге шабыттандырды.
Турнирдің ресми автосеріктесі ретінде Lexus Kazakhstan ойыншылар мен олардың командаларының жайлы жүріс-тұрысы үшін премиум көліктер, соның ішінде өздігінен қуатталатын жаңа гибридті Lexus RX 500h ұсынды.
Турнирдің барлық қонақтары үшін Lexus «Lexus Match Point» атты тақырыптық іс-шараларын дайындады, онда ракеткамен және доппен қарапайым, бірақ көңілді сайыстарға қатысып, Astana Open шарасынан естелік ретінде жағымды тосын сыйлар ұту мүмкіндігі болды.
Beeline Arena кіреберісінің жанында ерекше айна экспозициясының ортасына жаңа Lexus RX 500h орнатылды: онда әсерлі фотосурет түсіріп қана қоймай, модель және жалпы бренд туралы көбірек білу үшін қысқа тест-драйвқа жазылу да мүмкін болды.
Lexus және ATP Tour үшін жоғары сапа, инновацияларға, кемелдікке және ұлы нәтижелерге ұмтылыс сияқты құндылықтар ортақ. Көптеген жылдар бойы Lexus өзінің Lexus Electrified атты кешенді тұрақты ұтқырлық стратегиясын жүзеге асыру арқылы премиум көліктер өнеркәсібін электрлендірудің негізгі ойыншысы болып қала береді. Сондықтан Lexus пен ATP Tour арасындағы серіктестік ұзақ жылдар бойы жалғасады және ең алдымен қос брендтің, соның ішінде ATP Serves бағдарламасының және БҰҰ «Спорт климат үшін» бастамасының жаһандық климатқа қатысты идеяларын қолдауға бағытталған. Серіктестік теннис әлемінде де, Lexus көліктері әлемінде де аса көрнекті сапа мен шеберлік эмблемасына айналатын сыңайлы.
«Бұл серіктестік біздің көрнекті спортшыларды қолдауға деген ниетімізді, өңірде және бүкіл әлемде спорттың дамуына өз үлесімізді қосқымыз келетінін көрсетеді», - деп атап өтті Джон Томсон, Lexus Kazakhstan Президенті.