LEXUS KAZAKHSTAN ЖӘНЕ ASTANA OPEN

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫП

Lexus Kazakhstan және Astana Open Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, спортқа деген адалдығын және инновацияға деген құштарлығын паш етті

1-1-3

Астана,  12 қыркүйек 2023 жыл –  Lexus Kazakhstan компаниясы Астананың теннистен ашық чемпионатының, сондай-ақ Astana Open деген атаумен танымал ерлерге арналған ATP Tour атты әлемдегі ең жоғары деңгейдегі әлемдік теннис туры кезеңінің ресми автосеріктесі атанды.

Ресми Меморандумға қол қою рәсімі өңірдегі ең беделді турнирдің басталуына бірнеше апта қалғанда өтті. Бұл жаңалық теннис жанкүйерлері үшін де, Lexus жанкүйерлері үшін де шабыт көзіне айналатыны анық. 

Lexus Kazakhstan Astana Open

Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастыратын Astana Open, ATP 250 турнирі 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Турнирдің ресми автосеріктесі ретінде Lexus ойыншыларды жайлы тасымалдау үшін көлікпен, соның ішінде жаңа, өздігінен қуатталатын гибридті Lexus RX 500h көлігімен қамтамасыз етеді.  

Сондай-ақ турнир барысында Қазақстанда алғаш рет нарықта бұрын-соңды болмаған жаңа модель  – Lexus LM 350h, тұла бойына лимузиннің ғажайып сән-салтанатын және премиум санатты минивэн кеңдігін біріктіретін тұлпар ұсынылады. Бұл көлік жолаушыларға арқасын кеңге салып, теңдессіз жайлылық рахатына бөленуге мүмкіндік беретін ең жоғары сән-салтанат стандартын белгілейді. Lexus LM қимыл-қозғалыста үйлестікті жан-тәнімен сезінуге болатын жайлы мекен болу үшін жаралған.

Lexus Kazakhstan Astana Open

Ресми ATP Tour серіктесі ретінде Lexus бренді ATP Tour-дың жылдам дамып келе жатқан цифрлық және әлеуметтік медиа-платформаларының жұмысына да етене араласады, оның ішінде ATP иелігіндегі танымал Head2Head активінің атауына құқылы, аталмыш актив жанкүйерлерге ATP Tour ойыншылары арасындағы бәсекелестікті зерттеуге мүмкіндік береді.

Осы серіктестік теннис әлемінде де, сондай-ақ Lexus көліктері әлемінде де аса көрнекті сапа мен кемелдік эмблемасына айналатын іспетті.

Lexus және ATP Tour үшін сапа, инновациялар, ұлы нәтижелерге ұмтылыс - ортақ құндылықтар. Көптеген жылдар бойы Lexus өзінің Lexus Electrified деген атпен белгілі тұрақты ұтқырлық турасындағы кешенді стратегиясын іске асыра отырып, премиум көліктер өнеркәсібін электрлендірудің негізгі қатысушысы болып қала береді. Қос брендтің серіктестігі мен ынтымақтастығы Lexus және ATP Tour мақсат тұтатын жаһандық климат саласындағы батыл бастамаларын, соның ішінде ATP Serves және БҰҰ «Спорт климат үшін» бастамасын қолдауға бағытталған.

Lexus Kazakhstan Astana Open

Lexus  Kazakhstan Президенті Джон Томсон осы айтулы оқиғаға қатысты өз пікірін былай білдірді: «Біз ATP Tour  және Қазақстан теннис федерациясымен серіктес болғанымызға қуаныштымыз, инновация мен сапаға деген ортақ құштарлығымыз керемет нәтижелерге жеткізетініне сенімдіміз. Бұл серіктестік біздің көрнекті спортшыларды қолдауға, өңірде және бүкіл әлемде спортты дамытуға өз үлесімізді қосуға деген жігерімізді және ниетімізді көрсетеді».

Қазақстан теннис федерациясының Атқарушы директоры Ринат Даиров өз кезегінде былай деді: «Біз Lexus Kazakhstan-мен серіктес атанғанымызды мақтан тұтамыз. Осы серіктестік теннисті дәріптеу және спорттағы айрықша оқиғаларды қолдау жолындағы миссиямызды көрсетеді».

Lexus Kazakhstan Astana Open

Lexus Kazakhstan, «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС туралы

Lexus Kazakhstan – Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы Lexus брендінің ресми дистрибьюторы. Компанияның миссиясы – Lexus клиенттеріне бренд мінезін сипаттайтын стильді, сапаны, инновацияны көрсете отырып, Lexus көлігін иеленудің бірегей және қайталанбас тәжірибесін ұсыну. Lexus көрнекті технологиялар, кірпияз шеберлік, кербез әсемдік және «Омотенаши» арқылы «жеке-дара сән-салтанат сыйлауға» ұмтылады.

ATP туралы

Кәсіби ерлер теннисін дүниежүзілік басқарушы орган ретіндегі ATP миссиясы – тенниске қызмет ету. Біз әлемдегі миллиардтаған жанкүйерлерге ойын-сауық ұйымдастырамыз, ең беделді турнирлерде әлемнің үздік ойыншыларын көрсетеміз, жанкүйерлер мен ойыншылардың жаңа буынына шабыт береміз. Австралиядағы United Cup бастаған, Еуропа, Америка және Азия қостаған ойын жұлдыздары ATP Masters 1000, 500 және 250 турнирлерінде, сондай-ақ Үлкен дулығаларда Pepperstone ATP атақтары мен рейтингтік ұпайлар үшін тайталасқа түседі. Барлық жолдар Nitto ATP Finals, Италияның Турин қаласында өтетін маусымның беделді қорытынды турниріне апарады. Оған жеке сында және жұптық сында үздік 8 ойыншы ғана қатысады, сол турнир ресми түрде Pepperstone ұсынған жылдың үздік ойыншысын – ATP World No 1 анықтайды, бұл – теннис әлеміндегі ең жоғары марапат. Толығырақ ақпаратты www.ATPTour.com сайтынан табуға болады.

Astana Open

Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастыратын Astana Open, ATP 250 турнирі 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Турнир Астанада 2020 жылдан бері өткізіліп келеді.

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясы Республиканың халықаралық теннис ұйымдарымен және шет мемлекеттердің дәл сондай федерацияларымен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелеріндегі уәкілетті өкілі болып табылады. Федерация Азия теннис федерациясының және Халықаралық теннис федерациясының мүшесі болып табылады, онда ол жеті дауысқа ие.

Федерацияның негізгі жобалары – Қазақстанда балалар теннисін дамыту, TeamKazakhstan, өңірлерде теннисті дамыту, Қазақстанда теннис бапкерлері мен жаттықтырушыларын сертификаттау бағдарламасы, турнирлер өткізу, төрешілерді даярлау бағдарламасы, әуесқойлар арасында теннисті дамыту. 2007 жылдан беру Федерация Президенті – Болат Жәмитұлы Өтемұратов.